Бокстан Қазақстан чемпионы Венгрия елінің азаматтығын алды

Бокстан Қазақстан чемпионы Владислава Кухта ресми түрде Венгрияның азаматтығын алды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында мәлім қылған, деп хабарлайды Aqnews.kz.

«Бір жағынан қуаныштымын, бірақ көңілім де құлазып тұр. Өйткені Қазақстан мен үшін әрдайым сүйікті Отаным болып қалады», деп жазған екен боксшы.

Венгрия бокс федерациясы 2022 жылы Владиславаны және оның бапкерін шақырған екен, алайда сол кезде олар ұсыныстан бас тартқан.

Қазіргі уақытта ол Венгрия чемпионатына қатысып үлгеріп, чемпион атанды.

Владислава Кухта 57 келіде 2020 және 2022 жылдары Қазақстан чемпионы болған. Сонымен қоса 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated