Биыл 3000 азамат әскери жиындарға шықырылады

Биыл 3000 азамат әскери жиындарға шақырылады

Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

«Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы»  бұйрық  «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info 

Оған қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қол қойған. Құжатта 2024 жылы 3000 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылатыны айтылған. Бұйрықты талқылау 23 қаңтарға дейін жалғасады.

Өткен жылы дәл осындай міндетті жиына еліміздіен 1500 азамат шақырылған.   Олардың қатарында Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарынан әскери міндеттілер болған. Министрліктің мәліметінше, әскерге шақырылған 1500 адам ішінде 189 офицері, 275 сержанты және 1036 сарбаз болды.

Қазақстандағы әскери міндеттілер әскери жиындарға мынадай негіздерде шақырылады:  Біріншіден Орталық атқарушы органдар өткізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде.

Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғанысты даярлау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде - ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated