Бас прокурордың орынбасары: Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Aqnews.kz

"Ол қашпақ болған кезде ұсталды, тергеу барысындағы басқа ақпарат жария етілмейді", – деді ол.

2023 жылғы 21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл егенттігі бұрынғы әділет министрі "лауазымдық өкілетін асыра пайдалану" күдігі бойынша Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген".    Ақпарат Zakon.kz сайтынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated