Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.
Министрдің айтуынша, байланыс операторларының ауылдарға жетуін күту процесі ұзаққа созылып, SpaceX компаниясына жүгінуге тура келген.
«Лорен Драйер екеуміз президентке спутниктік антенналар арқылы секундына 4 мегабит интернет алатын шалғай аудандардағы 2000 мектепті Starlink-пен алты ай ішінде қамтамасыз ететінімізді хабарладық. Біз мектептердегі интернет мәселесін біржола шешеміз. Бұлай болғаны үшін кешірім сұраймын. Бірақ SpaceX сияқты дамыған технологиялар бар кезде, оларды қолданбау күнә», - деді Мусин.