Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1 теңгеге төмендеп, 475,78 теңге болды, деп хабарлайды Aqnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы арзандап, 65,17 теңге (-0,27) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 505,53 теңге, рубльді 4,78 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 475,9-478,1 теңге, еуро 505-508 теңге, ресей рублі 4,85-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 12 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсті.