БАҚ: Дариға Назарбаева Қазақстанда емес, Дубайда жүр

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қазір Дубайда жүр, - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Агенттіктің Мәжіліс аппартындағы дереккөздерінің мәліметінше, депутат Дариға Назарбаева БАӘ-дегі Дубайда көрінеді. Айта кетейік, Дариға Нұрсұлтанқызы жыл басындағы бейбіт наразылықтар мен «қаңтар оқиғасы» басталған сәттен бастап Мәжіліске келмеген. Ресми мәліметтер бойынша ол коронавирус жұқтырып, Алматыда емделіп жатыр.

Ал соңғы оқиғалардан кейін «Нұр Отан» партиясы ішіндегі саяси ауыс-түйістер кезінде анықталғаны – Дариға Назарбаева енді биліктегі доминант партия – «Нұр Отанның» саяси кеңесінің де, саяси кеңес бюрсынан да шығарылған.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated