БАҚ: Бақытгүл Хаменова 5 млн пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Aqnews.kz хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

"Оларды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтаннан Атырауға арнайы барған бір топ қызметкері ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл пара оларға тендер үшін берілген", - деп жазды басылым.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated