Бұрқасын, дауылды жел: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Aqnews.kz

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей уақытта 25 м/с артады.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 құрайды, кей уақытта жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

4-6 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 4 желтоқсанда – түнде, 6 желтоқсанда тәулік бойы жылдамдығы 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің шығысында, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 құрайды, кей уақытта күші 23-28 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстік-шығысында тұман болжанады. Жел солтүстік–батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, батысы мен шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 07 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.

Абай облысының Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып,күші 15-20 м/с құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated