Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіханов құраманың сегізінші алтын жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
22 жастағы қазақстандық 75 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, қазақстандық делегацияға алтын әкелді: финалдық белдесуде иорданиялық каратэші Хассан Масарведен (8:0) басым түсті.