Қазақстанда коронавирустың "Эрис" штамы анықталды

Қазақстанда "Омикронның" бір түрі саналатын коронавирустың жаңа штамы "Эристі" жұқтыру жағдайлары тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, жақында жүргізілген генетикалық зерттеулер Қазақстанда "Эрис" штамы анықталғанын көрсетті.

"Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеп жатқанына қарамастан, өткен айдың қорытындысы бойынша зерттеулер елге "Эрис" штамы енгенін көрсетті. Жалпы, ай сайын елде жаңа штамм таралып жатыр ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, соны білу үшін COVID-19-ға генетикалық талдау жүргіземіз", - деді Ғиният ОҚК-де өткен брифингте.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated