Азия ойындары: Асланбек Шымбергенов өзбекстандық боксшыны нокаутпен жеңді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы ширек финалда 71 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты.

Екі спортшы да әлем чемпионы, сондықтан жекпе-жек тартысты болды.

Алғашқы екі кезеңде төрешілер шешімімен өзбекстандық боксшы алда тұрды. Бірақ соңғы раундта Асланбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, рефери кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов кемінде қола жүлдеге қол созады. Бірақ ол енді алтын үшін барын салатыны анық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated