Азиада 2022: елордалық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден екінші медальды қанжығасына байлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтады.

«Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды, ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз», - деді ол.

Айта кетерлігі, ол кеше ғана 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келген еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated