Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Сенбі, 30 қыркүйекте еліміздің төрт қаласында синоптиктер ауада зиянды қоспалар мөлшері жоғары болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып.

Мамандардың болжамы бойынша, сенбіде Павлодар, Ақтөбе, Атырау және Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, Алматыда күн жылы болады, аракідік жаңбыр жауады деп күтіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated