Қазақстандық таеквондошы Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Aqnews.kz

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан жартылай финалда Сауд Арабиясының өкілі Әли-Мабрук-әл-Мабрукты жеңді.

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды.

Батырхан Төлеуғали – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated