Қазақстанда бір күнге радио мен теледидар өшеді

Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке радио мен теледидар өшеді, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Қазтелерадио хабар таратудың тоқтатылатынын ескертті. Алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

«Телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,

- деп түсіндірді ұлттық оператор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated