Ресми статистикаға сенетін болсақ, елімізде 31 млн түлік бар. Оның ішінде 2019 жылдың соңғы мәліметіне сәйкес 7696606 сиыр, 19871460 қой, 716070 шошқа, 2708609 жылқы, 214434 түйені құраған.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы өкілдері 13-қаңтарда мәлімдеген еді. Шошқаның саны 2018 жылмен салыстырғанда азайған. 2017-2018 жылдары 831 мың шошқа болса, 2019 жылы ол көрсеткіш 716 мыңды құраған.