Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды Aqnews.kz.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегерді.
Еске салайық, Қазақстанда уақытты есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобына кірген отандық ғалымдар мен сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынған еді.