Australian Open: Елена Рыбакина келесі айналымға өтті

Үлкен теннистен 2024 жылдың басты турнирлерінің бірі саналатын Australian Open турнирінде отандасымыз 2-кезеңге жолдама алды, деп хабарлады Aqnews.kz

14-28 қаңтар күндері аралығында жалғасатын Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде Елена Рыбакина әлемнің экс бірінші нөмірі Каролина Плишкованы 7:6(8:6), 6:4 есебімен жеңді.

Әсіресе бірінші сетте 24 жастағы отандасымыз тай-брейкте 3:6 есебімен жеңіліп тұрса да, еш саспай жеңісті жұлып алуы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Енді отандасымыз екінші айналымда Ресей теннисшісі Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, былтыр дәл осы бәсекеде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жол берген еді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 86,5 млн Аустралия долларын құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated