Астанада жұмыссыз адамдардың үлесі көп пе?

Ел астанасына көшіп келушілердің саны уақыт өткен сайын артуда. Осы орайда Aqnews.kz сайты еңбекпен қамту орталығының мәліметтерін ұсынуды жөн көрді.

Qazstat мәліметіне көз жүгіртер болсақ, Астана қаласына қоныс аударушылардың саны өзгелерден қарағанда көш бастап тұр. Тек сальдоны (келгендер мен кеткендердің айырмашылығы) есептесек, қыркүйек айында елордамыз 5 251 адамға көбейген. Салыстырмалы түрде Алматы қаласы – 2761 адам, Шымкент қаласы – 189 адамға артқан. Ал өзге 17 облыста тұрғын санының азаюы жалғасуда. Бұл жағынан Түркістан облысы – 1958 адам, Жамбыл облысы – 1 194 адам, Абай облысы – 686 адам алдыңғы үштікке кіреді.

         Бүгінгі таңда Астана қаласының Мансап орталығында 10 594 жұмыссыз тіркелген, оның ішінде: 3 433 жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған, 5 578 жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар.

Enbek.kz порталында 3 648 жұмыс орны бойынша 1 896 бос жұмыс орны бар.

Адам санының артуы қаладағы мектеп тапшылығына, адамдардың қозғалысына әсер ететіндігі сөзсіз. Сондықтан да бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізген кезде білім және тәрбие (мұғалімдер, тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері), көлік және логистика (жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілері), өндіріс, құрылыс және сәулет, біліктілігі жоқ мамандықтар саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары.

Батырбек Қошқарбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated