«Мыңжылдық» саябағы елорданың тартымды орындарының біріне айналуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде шағын ауданның бірқатар маңызды проблемасы бар.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Мыңжылдық» саябағы туралы айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), жолдар, инженерлік инфрақұрылымдар салу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және т.б. мәселелерді көтерген. Онда «Мыңжылдық» саябағының бойындағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қарастырылған.
"Мысалы, аталған шағын ауданда 5 мектеп бар. Мұнда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектеп, жеке инвесторлар есебінен тағы екі мектеп саламыз.
Сонымен қатар, инвестор жаңа вокзал ауданында амбулаториялық кешеннің құрылысын жүргізіп жатыр.
Сол сияқты, екі балабақша салу да жоспарланып отыр", - деді әкім.
Ол құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейгенін де атап өтті: арнайы бұрмалары жоқ жерлерге тұрғын үй кешенінің салынуына рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, құрылыс салушылар өз аумақтарын тиісті деңгейде абаттандыруы және көгалдандыруы қажет.
"Шағын ауданды инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін нөсер кәрізінің тазарту құрылысы, нөсер кәрізінің коллекторларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылу-энергетикалық жүйені дамыту бағдарламасы аясында үлестіру пункті мен трансформаторлық қосалқы станция салу, 110 кВ ЭБЖ реконструкциялау, салу («Жұлдыз» қосалқы станциясының трансформаторларын ауыстыру және «Восточная» қосалқы станциясының 110 кВ кабельдік желісін реконструкциялау) және т.б. жұмысы жүріп жатыр", - дейді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, саябақты қалпына келтіру Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.