Астанада әуежай жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты жабылады. Жөндеу жұмыстары үш күнге созылады, бірақ тәулік бойына емес, күніне төрт сағатқа, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылдың 4 қазанында Flyarystan баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 – 17:20 уақыт аралығында жабылатынын хабарлаймыз. Әуежайдың жабылу себебі ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты", делінген хабарламада.

Бұған дейін 2023 жылдың 1 қазанынан бастап елордалық әуежай тұрағының бағасы өскені хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated