Астанада құрылыс алаңында өрт шықты: Мәңгілік Ел даңғылындағы қазіргі жағдай қандай?

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында салынып жатқан ғимарат өртенді. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.

Өрт сағат 15:00 шамасында басталған. Бастапқыда қою қара түтін байқалған.

Өрт сөндіру қызметінің жарты сағаттық жұмысынан кейін өрт сөндірілді, бірақ әлі де өрт ошақтары қалған. ТЖД мәліметтері бойынша, 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенген.

Нысан төлқұжатына сәйкес, ғимарат жалпы білім беретін T-Each кешені болады. Құрылыс 2021 жылы басталған және 2024 жылы аяқталуы керек.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 16:05-те сөндірілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated