Астанада күтуші мен ер адам баланы өлтіргені үшін сотталды

 156 қаралым

Астанада күтуші мен ер адам баланы өлтіргені үшін сотталды

Прокуратура Астанада сәбидің өліміне қатысты іс бойынша ақпарат берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық прокуратура мәліметінше, 2022 жылы күтуші мен бірге тұратын ер адам физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, соның салдарынан сәби қайтыс болды.

«Қала прокуратурасымен жедел-іздестіру тобы құрылып, істің жедел және объектив тергелуі қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл тұлғалардың кінәсін бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, сот үкімі бойынша олар 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған