Апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Aqnews.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. 2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі. 2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР МСМ Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технология және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2012-2014 жылдары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры. 2014-2018 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары. 2018-2019 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы. 2019-2021 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары. 2021 жылы — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті. 2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры.

Аптаның басында Жетісу облысы әкімінің өкімімен Марлен Қапашұлы Көлбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны мәлім болды.

М. Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын «экономика және менеджмент», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірді. Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Біршама жыл «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.

Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінде жобаларды басқарудың бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан Көксу ауданының әкімі болды.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Қайрат Тәнекенов тағайындалды.

Қайрат Әуелбекұлы 1985 жылы 23 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. 4 жоғары білімі бар. Атап айтқанда, экономика, құқық, техника және көлік құрылысы мамандықтары. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы «АТФ Банк» акционерлік қоғамының несиелеу бөлімінің шағын кәсіпкерлікті несиелеу секторының маманы болып бастады. Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл. Оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі 9 жыл 3 айды құрайды. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан асады. 2015 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, кейін лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Өскемен қаласы қаржы бөлімінің басшысы болып еңбек етті. Осы уақытқа дейін Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісуі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ардақ Смайылов Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ардақ Дулатұлы 1969 жылы Алматы қаласында туған. «Агрономия», «қаржы және кредит», «заңтану» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. 1994 жылғы тамыздан бері кеден органдарында жауапты қызметтер атқарды. 2015 - 2017 жылдары Алматы облысы әкімінің аппаратында талдау бөлім меңгерушісі, 2020 жылғы қазанға дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып істеді. 2020 - 2022 жылдары - Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2022 жылғы қыркүйектен бері Бұланды ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Сәуле Комутова Қарағанды облыстық Статистика департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды.

С. Комутова мамандығы бойынша экономист. Ол мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Стаститика, тұрғындар және еңбек бөлімінің бас маманы қызметінен Қарағанды облыстық Статистика департаменті жетекшісінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы қызметіне Баукен Серікұлы Әлмеш келді.

Б. Әлмеш 11 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated