Астанада тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі.
Желіде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламалардағы мәліметтер әртүрлі.
"Байқоңыр ауданындағы ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы қолына кісен салынған күйі қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот отырысы өтіп, жеткізілгеннен кейін ол ЕЦ аумағынан қашып кетті. Біз жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, шекара заставаларында жасақ қойып жатырмыз", - делінген WhatsApp хабарламасында.