Абай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

ҚазАвтоЖол Абай облысындағы су басу қаупі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Aqnews.kz

Бүгін сағат 20:00 шамасында күн жылынып, Тарбағатай тауындағы қардың күрт еруіне байланысты "Таскескен-Бақты" (ҚХР шекарасы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында еріген сулардың жиналуы байқалады.

Жиналу ұзындығы – 2 км.

Учаскеде қысым режимінде жұмыс істеп тұрған 7 дана темір-бетон құбыры және бір көпір бар.

Автожолға тәулік бойы бақылау жүргізіліп, 10 адам, 4 бірлік техника: 1 бірлік ДРС, 1 бірлік тиегіш, 2 бірлік самосвал жұмылдырылды.

ҚазАвтоЖол жолшылары учаскені 100 қап құммен қоршап қойды. Автожолда қозғалысқа шектеу жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated