Ақмолалық баскетболшылар Қазақстан чемпионы атанды

Ақмолалық баскетболшылар Қазақстан чемпионы атанды. Щучинск қаласында 2008-2009 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Онда алты команда ептілік пен дәлдік бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Aqnews.kz әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Жарыс өтетартысты өтті, қыздар бар ынтамен ойнап, жылдамдықты, төзімділікті және командалық рухты көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрама командасына тең келер ешкім болмады. Екінші орынды Астана қаласының командасы иеленді. Үздік үштікті павлодарлықтар түйіндеді.

Облыстық жаттықтырушылар Татьяна Волкова мен Виктория Волкова атап өткендей, негізгі жарыстар бәсекелестік пен құрмет жағдайында өтті. Ақмолалықтар оған барын салды.

«Ойын жоғары деңгейде өтті, қыздар ептілік пен жылдамдықты, төзімділік пен командалық рухты көрсетті. Біздің команда соңғы төрт жылда алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Ақкөл аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Янина Везнерге ойыншыларды дайындауға көмектескені үшін, оның екі тәрбиеленушісі ұлттық құрама сапында өнер көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз», - деді тәлімгерлер.

Ақмола облысының екі өкілі Милана Крутевич пен Регина Савченко чемпионаттың үздік ойыншылары деп танылды.

«Біз барлық ойындарды жақсы өткіздік. Қарсылас командалар мұндай мықты болады деп күтпеген едік. Бірақ біз тек жеңіске жетуге бел будық, оған бапкерлеріміз көмектесті. Чемпион атанғанымызға қуаныштымыз. Бұдан әрі де жақсырақ жаттығатын боламыз!», - дейді қыздар.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated