Демалыс күндері Филиппинде Тааль жанартауы оянып, атмосфераның жоғарғы қабатына қара түтін мен күл қалдығын лақтырды. Жанартаудан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Манила астанасының тұрғындары жер асты сілкінісін сезді. Әуежайлар жабылып, жаңартауға жақын елді мекендерде адамдарды эвакуациялау басталды.
Жанартау жаңында жер сілкіністер 2019 жылдың көктемінде басталған.
12 қаңтарда сейсмологтар жанартау белсенділігінің өсуін байқады. Жергілікті уақыт бойынша шамамен 14: 00-де жанартауда жарылыс орын алды
Күлдің биіктігі 1 км-ге жетті
Филипин астанасы Манила қаласында жанартау мен түтіннің әсерінен халықаралық әуежай мен көптеген мектептер және кеңселер жабылды.
Дүйсенбіде жанартау атқылап, лава аға бастады.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қазірдің өзінде 13 мыңнан астам адам эвакуация пункттеріне қоныстанған.
Кейбір елді мекендерде көлік тапшылығына байланысты эвакуация кешіктіріліп отыр.
Соңғы рет Тааль жанартауы 1970 жылы атқылаған.