Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 339 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы 539,1 мың отбасы жалпы 339,4 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл жәрдемақыны 4 және одан да көп баласы барлар алады. Онда да бірге тұратын және кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі.
"4 баласы бар отбасыларға –55 304 теңге, 5 балаға – 69 138 теңге , 6 балаға –82 973 теңге төленеді. Ал 7 балаға –96 807 теңге, сондай-ақ 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 13 800 теңге мөлшерінде беріледі", - дейді ведомстводағылар.
Биыл 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ке артқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated