Ресей либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский 1991 жылы КСРО-ны сақтауға қарсы болғандарды ату керек еді деген ойда.
Жириновский КСРО-ның экономикасы күшті, армиясы қуатты ел болғанын атап өтті. Ол елдің ыдырауына бірпартиялы жүйе, коммунистердің нақты шешім қабылдай алмауы әсер етті дейді.
«Дарынсыз генералдар мен қолбасшылардың кесірінен біз осындай ұлы елден айырылып қалғанымызға өкінемін. Олар жүректі адам болып, жауапкершілікті мойнына алып, сын сағатта нақты шешім қабылдап, КСРО-ға қарсыларды түрмеге жауып, көнбегендерін атып тастағанда елді сақтап қалар едік. Олардың барлығын ату керек еді. Қоғамды мына бір демократиялық былықтан тазартар едік», - дейді ол.
Биыл КСРО-ның ыдырағанына 30 жыл. 1991 жылы 8-желтоқсанда Беловеж келісімі жасалып, КСРО тарих сахнасынан жойылды.
Aqnews.kz