Жиынға Алматы қаласының белсенділері, жоба аясында спорттық шараларға қатысқан жастар, эссе байқауының жеңімпаздары мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

«Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі осы уақытқа дейін «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» атты жоба аясында футбол турнирін, спартакиада ойындары мен эссе байқауын, сонымен қатар челлендж сайыстарын ұйымдастырып, мотивациялық роликтер мен мотиваторлар жасады.

Осыған орай, дөңгелек үстел барысында, аталмыш жоба аясында, осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарға баға беріліп, қысқаша қорытынды жасалып, сарапшылардың ойы мен пікірі ортаға салынып, эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жалпы, жобалардың мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын арттыру; жастарға түрлі спорттық ойындар арқылы мотивация беру; салауатты өмір салтын сақтайтын жастарды ынталандыру; жастарды спортқа шақыру болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated