Бұл ретте көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсті, деп хабарлайды Aqnews.kz.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдаудан ел бюджетіне 4 193 707,5 миллион теңге түсті.
«Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен (2022 жылы 3 264 416,1 млн. теңге) 22%-ға көп» деп хабарлады көлік министрлігі.
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 4,4%-ға өсіп, 980,7 млн тонна болды. Ал 2022 жылы барлық көлік түрлерімен 939,5 млн тонна жүк тасымалданған.
«Бүгінде жүк тасымалының бағасы бәсекелестік ортада және оны көлік-логистика саласындағы компаниялар қалыптастырады» деп түсіндірді ведомство.