Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарға онлайн құқықтық консультациялар өтті

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметке қосу жүйесін қалыптастыру және дамыту. Сотталған адамдарды әлеуметтік қоғамға қайтаруға дайындау, жазасын өтеп жатқан және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу. Әлеуметтік қызмет көрсету органдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалтудың нысандары мен әдістерін жетілдіру болды.

Жауапкершіліктен босаған азаматтарды қалыпты азаматтық ортаға бейімдеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, қоғам үшін сол адамдардың келешекте қылмысқа қайта оралмауы маңызды. Мұндай уақытта жазасын өтеп, бостандыққа шыққан азаматтарға заңгердің де көмегі аса қажет.

Бұл туралы заңгер, Нұрбол ... : «жазасын өтеушілердің барлығы бірдей қанішер, баскесер емес. Оларды халықпен араластыру қауіпті, жұмысқа баулу қоғамға қатерлі деп түсіну қате пікір. Себебі олардың арасында абайсызда қылмысты болып, темір тордың ар жағында отырғандары бар. Бірі білімді, бірі білікті, бірі – нағыз өз ісінің маманы. Сондықтан олардың білімін, білігін пайдалансақ, мемлекетке де көп пайда түсер еді. Одан бөлек бостандыққа шыққандардың қалыпты өмірге үйреніп кетуі оңай емес. Темір тордың арғы жағынан шыққан соң көбісінің барар жері болмайды. Сондықтан олар өздерін қоғамның тастандысы ретінде сезініп, психологиялық күйзеліске түсіп жатады. Өмірге бейімделе алмағандықтан тағы да қылмысқа баруы мүмкін. Мұндай да заңгер мен қатар психолгтың да көмегі керек», -деді.

Бүгінде жоба аясында қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500 жастарға құқықтық және психологиялық консультациялар өтті. Жобаның нысаналы тобы үшін тұрғын үй алу мәселелері бойынша кемінде 500 консультация берілді. Қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500 жастардың бейімделуіне мен әлеуметтенуіне қолдау көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated