Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасы аясында қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық берілмек, деп хабарлайды Aqnews.kz.
«Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйді егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасындағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты үйлердің нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Осылайша, біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз», - деді Асқар Әмрин.
Айтуынша, жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.
Айта кетейік, Алматы жоспарының егжей-тегжейлі жаңа жобалары бекітілді. Жаңа жоба қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді.