Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.