Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесі жөнінде: "Балалар мектепке білім алу үшін барады"

Қасым-Жомарт Тоқаев зайырлылық қағидасы барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Тоқаев педагогтер съезінде соңғы кезде қоғамда жиі талқыланып жүрген оқушы қыздардың мектепке оранып бару мәселесіне тоқталды.

"Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын".Қасым-Жомарт Тоқаев

Ең бастысы, президенттің пікірінше, "көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек".

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated