2023 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары мыңнан астам кәсіпорынның 28 мың жұмыскерге 6,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Aqnews.kz
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 447 нұсқама беріліп, 200,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 26,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,8 млрд теңге төленді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.