Тарих пен мәдениет тоғысқан мекен - Алматы

Алматы – мәдениет пен руханияттың ордасы. Тәуелсіз Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Бұл – ғылым, білім, өнер және тарих тоғысқан  шаһар. Ерекше атап көрсетерлігі, мың жылдан астам уақытты еңсерген қаланың қалыптасқан дәстүрі бар.

Алматы жыл сайын тұрақты өткізілетін мәдени фестивальдармен ерекшеленеді. Түрлі тақырыптарды қамтитын іс-шаралар қаланың рухани өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған. Мәдени фестивальдарда ұлттық ерекшелігімізге басымдық беріліп, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға ықпал жасалады.

Алматының абыройын асқақтатуға үлес қосып келе жатқан мәдени фестивальдерге тоқталайық:

  1. «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі

– Өтетін орны: Медеу мұз айдыны

Мақсаты: Азия елдерінің мәдениетін біріктіру және еліміздің  өнерпаздарын халықаралық деңгейде таныту.

– Ерекшелігі: Бұл фестивальде шет мемлекеттердің музыканттары өнер көрсетіп, жастарға тәжірибе алмасуға, шабыт шақыруға мүмкіндік сыйлайды. Халықаралық шара бүгінгі буынға жаһандық мәдениетті түсінуге және елімізді танытуға ықпал етеді.

  1. «Алматы Аренадағы» кинофестивальдер

 – Фестиваль түрлері:  Алматыда халықаралық, республикалық кинофестиваль жиі өткізіледі.

– Мақсаты: Отандық және халықаралық кинотуындыларды насихаттау. Кинотуынды арқылы жастардың санасына тарих пен мәдениетті сіңіру.

– Ерекшелігі: Кинофестиваль арқылы жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылыққа баулу.

  1. «Алматы Көктемі» мәдени фестивалі

– Мақсаты:  Жыл сайын Наурыз мерекесіне орай ұлттық өнерді, қолөнерді, дәстүрлі ән-күйді және ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында мәдени іс-шаралар сериясын ұйымдастыру.

Ерекшелігі:  «Алматы Көктемі» мәдени фестивалі жастарға қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытып,  ұлттық дәстүрді дәріптеуге шақырады. Шара шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтары халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын көріністерді тамашалайды.

  1. «Spirit of Tengri» халықаралық этнофестиваль

– Өтетін орны: Алматыдағы ашық алаңдар (Орталық мәдениет және демалыс саябағы)

– Мақсаты: Орталық Азия, Еуропа және әлемнің түкпір-түкпірінен келген этникалық музыка орындаушыларының өнерін көрсету.

– Ерекшелігі: Жастарды түрлі этникалық топтардың музыкалық мұрасымен таныстырып, ұлттық музыкамыздың ерекшелігін сезіндіру.

  1. «FourЭ» халықаралық арт-фестивалі

– Мақсаты: Бұл фестиваль жас суретшілер, фотографтар, мүсіншілер және қолөнершілер үшін ұйымдастырылады. Арт-фестиваль аясында көрме,  шеберлік сабақтары өткізіліп, жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасалады.

– Ерекшелігі: Өскелең ұрпаққа өнер саласында өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді және олардың рухани тәрбиесіне оң әсер етеді.

  1. «BOOKU FEST» кітап фестивалі

– Өтетін орны: Алматының кітапханалары мен мәдени орталықтары.

– Мақсаты: Жастарды кітап оқуға баулу, заманауи әдебиетпен және классикалық шығармалармен таныстыру.

– Ерекшелігі: Оқу мәдениетін қалыптастыру және арттыру. Ұлттық әдебиетке деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті күшейту.

  1. Қазақ халық музыкасының фестивалі

  Өтетін орны: Республика сарайы немесе ашық алаңдар

Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі ән-күйін тыңдатып, домбыра, қобыз сынды ұлттық аспаптарды насихаттау.

– Ерекшелігі: Қазақтың ұлттық музыкасымен таныстырып, жастардың бойында ұлттық сезімін ояту, жігерін жану.

  1. «Nomad Way» халықаралық этнофестивалі

– Өтетін орны: Алматының мәдени орталықтары

– Мақсаты: Түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасын насихаттау, этникалық музыка мен қолөнерді дәріптеу.

– Ерекшелігі: Түркі әлемінің музыкалық және мәдени ерекшеліктерін таныстыратын фестиваль жастардың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына ықпал етеді.

  1. «Наурыз мерекелік фестивалі

– Өтетін орны:  Қаланың орталық алаңдары мен саябақтары

– Мақсаты:  Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Патриоттық тәрбиеге басымдық беру.

– Ерекшелігі: Жастардың санасына сілкініс, бойына рух ұялату.

Алматыда ұйымдастырылатын мәдени фестивальдер жастардың рухани кемелденуіне септігін тигізеді. «Толық адам» болуға талпындырады. Білімді, мәдениетті болуға үндейді. Осы арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетті, өнерді және тарихты қастерлеу сезімін күшейтеді.

Фото ©️ Tengrinews.kz 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated