АҚШ-та Тәуелсіздік күнін 4 шілде күні тойлатады. Дәстүрлі түрде мейрам күні түстен кейін Американың барлық әскери базалары «Бірлік фейерверкін» орнатады. Ал кешкі уақытта мерекелік от шашу салтанатты түрде бас зеңбіректен атылып, Тәуелсіздік күнін дүркірете тойлау басталады.
Бұл 1777 жылы Филадельфияда болған конгресс Тәуелсіздік күнін тойлату барысында пиротехникалық өнімдерді қолдануға рұқсат бергеннен бері биыл 242 рет дәстүрлі түрде салтанатты от шашумен аталып өтуде.
АҚШ тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні ол отбасылық мереке. Көптеген американдықтар көгалда пикник немесе барбекю ұйымдастырып, барлық туған туыстарымен бірге тойлатады. Бұл күннің тағы бір ерекшелігі АҚШ азаматтары көше мен үйлерін әшекейлеуді дәстүрге айналдырған. Әдетте, олар үйлерін безендіру барысында қызыл, ақ және көк түсті пайдаланды.
Польша
2010 жылдан бері Варшавада 11 қараша күні «Тәуелсіздік маршы» дәстүрлі түрде жалауын желбіретіп өтіп отырады. Ең алғашқы жылы маршқа қатысқан адамдардың саны 3 мыңнан бастау алса, 2011 жылы 20 мың, ал 2013 жылы 100 мыңға жуық қатысқан еріктілер болған.
Ел ұлтшылдары Тәуелсіздік күні қызыл-ақ жалауларын көтеріп, бас алаңда ұрандата жүріп отыруды дәстүрге айналдырған.
Израиль
Израилде Тәуелсіздік күнін ерекше тойлатады. Мейрам қарсаңында Йом Ха-Зикарон – соғыста қаза тапқандар мен лаңкестік ұрыс құрбандарын еске алу рәсімі өтеді. Ал күн батқаннан кейін Йерусалимдегі Герцль тауында израильдіктердің 12 тайпасын сипаттайтын 12 түрлі алау жағумен Тәуелсіздік күнін бастап кетеді.
Сонымен қоса, дәстүрге айналған Израиль Премиясын білім, ғылым және мәдениет саласында үздік деп танылғандарға ел президентінің табыстау рәсімімен жалғасады.
Тәуекел Ақнұр