Бұл туралы БАҚ өкіліне елдегі денсаулық сақтау және медициналық өндіріс министрлігіне қарасты мемлекеттік саниарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілі айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Centralasia.media порталына сілтеме жасап.

Қаза тапқан адамның мәліметтері жарияланды. Turkmen.news қайтыс болған адамның - Қытайдағы ЖОО-да оқитын студенттердің бірі екенін жазды. Оның денесі кремацияланған.

Тағы бір адам, Марый уләятының орта жастағы тұрғыны "бұрын соңды зерттелмеген вирусты" жұқтырғаны айтылады. Ол Лебап уләятындағы карантин лагерінде ауыр халде жатыр екен.

Карантиндік лагерь - Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің Төтенше жағдайларға қарсы күрес қызметінің жылжымалы госпиталі. Госпиталь металл жүк контейнерлері мен үрлемелі модульдерден салынған. Оның аумағында реанимация және анестезиология, хирургия бөлімшелері, стерильді бокстар мен зертхана орналасқан. Госпитальдің периметрі Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлерінен, ІІМ ішкі қызметінің сарбаздары күзетеді.

Turkmen.news осыған дейін 30 қаңтардан бастап Бейжіңнен Ашхабадқа баратын барлық әуе рейстері Түркменабадқа қонатынын айтты. Сол күні Түркіменстан Өзбекстанмен шекараны жауып тастады. Коронавирустың өршуіне байланысты Бангкокқа рейстер тоқтатылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated