Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Aqnews.kz.
Министрліктің мәліметінше, республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.
11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді.
Жайық өзеніндегі су деңгейі:
Атырауда – 538 см. Тәулігіне 5 сантиметрге;
Индербор ауданында – 1033 см. Тәулігіне 7 сантиметрге;
Махамбет ауданында – 955 см. Тәулігіне 16 сантиметрге көтерілген.
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Тағы да артады деп күтілуде, деп атап өтті министрлік.