Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, подполковник Руслан Жангулин келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілердің жалақысын айтты, деп хабарлайды Aqnews.kz
Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің орташа есеппен жалақысы – 150 мың теңге. Сондай-ақ оларға әртүрлі әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Мысалы, олар әскери қызметте болғаны тұрғын үй төлемдерімен қамтамасы етіледі. Өңірге байланысты әрбір әскери қызметшінің отбасы мүшесіне тұрғын үй төлемдері төленеді. Мысалы, биыл Астанада әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемі 75 мың теңге (еск- адам басына). Егер отбасы 4 адамнан тұрса, аталған сомаға көбейтеміз (шамамен 300 мың теңге). Сондай-ақ олар санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі, - дейді Руслан Жангулин ОКҚ-да өткен брифингте.
Ол әскери қызметкешілер ерте зейнетке шыға алатынын айтады.
Егер ол 25 жыл әскери қызметін өтесе, ол зейнетке шығып, отан алдындағы борышын өтеуді жалғастыра алады. Қазір Үкімет деңгейінде әскери қызметшілерге, сондай-ақ офицерлер құрамына бірыңғай төлем жасау мәселесін пысықтап жатырмыз. Шешім қабылданса, тиісті ақпаратты жариялаймыз, - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.