Әскери қызметкерлер вице-министрдің үйін салғаны рас па?


ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болып жатыр, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің  қызметкерлері жүргізді.

"Ол ҚР ТЖМ әскери бөлімінің қолбасшылығына және Қарағанды облысы ТЖ департаментінің лауазымды тұлғаларына жеке үй салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы заңсыз нұсқаулар берді деп күдікке ілінген" деп хабарлады 12 шілдеде Антикор.

Зерттеу нәтижелері бойынша Бас әскери прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Ақмола гарнизонының әскери сотына жолдағаны да нақтыланады, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Антикор СҚО бойынша ҚАЖД басшысы не үшін ұсталғанын түсіндірген еді.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated