Әскери күш: Қазақстан 61, Өзбекстан 51-орында

«Global Firepower» мемлекеттердің әскери күш рейтингінде Қазақстан 61 орынға жайғасып, Өзбекстаннан 10 орынға кейін тұр.

Сербия 60 орында болса, Хорватия Қазақстаннан бір орын кейін 62 орында екен. Қазақстан индексі 1,0286 ұпайға тең. Көрші Өзбекстан – 0,8421 ұпаймен 51 орынды, Түрікменстан -1,7598 ұпаймен 86-орынды, Қырғызстан 2,2369 ұпаймен 93-орынды иеленді.

0,0718 ұпай жинаған АҚШ бірінші орында, ал, 0,0791 ұпайға ие болған Ресей екінші орында. Үшінші орын 0,0854 ұпаймен Қытайға бұйырды. Төртінші орында 0,1207 ұпаймен Үндістан, бесінші орында Жапония 1,599 ұпаймен тұр.

Тізімнің соңында Сьерра Леоне, Сомали, Либерия, Косово, Бутан сияқты елдер орналасқан.

Бұл көрсеткішті шығаруда негізгі ескерілетін факторлар: әскери саланың қаржыландырылуы, көлік инфрақұрылымы мен мұнай өнімдеріне қолжетімділік,әскер саны мен әскери техниканың саны сияқты маңызды факторлар.

Барлығы 140 елді қамтыған рейтингке ядролық қару әскери қару ретінде есептелмейді. Индекс қаншалықты аз болса, елдің әскери күші соншалықты мықты дегенді білдіреді.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated