Ли Сянь Лонг, Сингапурдың алғашқы премьері және елдің «Экономикалық ғажайыбы» жобасының авторы Ли Куан Ю-дің үлен ұлы. Лун әке жолын қуып, 2004 жылдан бастап 20 жыл республика үкіметін басқарды, - деп хабарлайды Aqnews.kz.
Ли Сянь Лун өзінің орнына Үкімет төрағасының орынбасары және елдің қаржы министрі болған Лоуренс Вонгты тағайындауға кеңес беріп, өзі үкімет басында Сингапурдың бұрынғы премьер-министрлері сияқты аға министр ретінде қалады.
51 жастағы Лоуренс Вонг 2022 жылдан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған, сонымен қатар елдің қазіргі қаржы министрі болып табылады. Премьер-Министрдің Кеңсесі Үкіметтің жаңа басшысы 15 мамырда ант қабылдап, билікті өз қолына алған. Енді Сингапурда 1-2 айда парламенттік сайлау өтеді деп күтілуде.
Сингапур-көпұлтты қала-мемлекет, әлемдік қаржы орталығы. Оның әйгілі Ли Куан Ю 1959 жылдан бастап, 1990 жылға дейін Сингапур үкіметін басқарды. Ли Куан Ю басшылығымен Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азияның ең ықпалды қаржы орталығына айналды. Премьер бұған шетелдік инвесторларды тарту, экономиканы жоғары технологиялық секторға бағдарлау, сыбайлас жемқорлық пен мафияға қарсы күрес, азаматтардың білім алуына инвестициялар салу есебі арқылы қол жеткізді.