Шешен ақсақалы: Шешенстан - атажұртымыз болса, Қазақстан - Отанымыз!

Алаш тарихының сындарлы шақтарымен мәңгілік сабақтастықпен байланыстағы Алғыс айту күнінің ұлт өміріндегі орны бөлек.

Осы бір Ұлық мереке халқымыздың досына деген кеңпейілдігі мен әлем мәдениеті алдындағы өркениеттік даналығын көрсететін ерек күн. Сталиндік зұлмат жылдары қазақ өз жеріне бас сауғалап келген ұлт өкілдерін Хәкім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» дегендей тәлімін естен шығармай, қолындағы барымен бөліп-жармай бөліскеніне тарихтың өзі куә. Сол бір досқа деген адалдығымызды, дұшпанға деген қаталдығымызды сана сіңіре білген олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз отаны деп біледі.

Біз бүгін портал оқырмандарының талқысына Алғыс айту күніне айтылған ақжарма тілектердің бірсыпырасын ұсынып отырмыз...

ШЕШЕНСТАН АТА МЕКЕНІМІЗ БОЛСА, ҚАЗАҚСТАН ОТАНЫМЫЗ!

Шешен-Ингуш ақсақалдары:

- Құрметті отандастар! Биыл шешен-ингуш халқынының қазақ еліне қоныс аударғанына 80 жыл толды. Әрине, тарихтың қасіретті беттерін ұмыту мүмкін емес. Шешенстанда зиялы қауым өкілдері, қарпайым халық, сұрапыл кезеңде барымен бөліскен қазақ халқына алғысын айтып, қазақ халқына деген ерекше көзқарастың және халықтар арасында мәңгілік байланыстың бар екеніндігін көрсетеді.

Әсіресе, ақсақалдар өз сөздерінде Қазақстанда мәңгілік қалған туыстарын, қиындықта бірге өскен достарын, еске түсіріп, көздеріне жас алып жатады. Шешенстан ата мекеніміз болса, Қазақстанды туып өскен жеріміз, Отанымыз деп білеміз.

1 наурыз алғыс күніне орай барлық қазақстандықтарға, елдің өзегі болған қазақ халқына Алладан амандық, елге бірлік, мемлекеттің өркендей беруін тілей отырып, шын жүректен шексіз алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated