Шағын несиенің пайызы өсті

Несие мөлшерлемесі тәулігіне 0,4 пайызға дейін артуы мүмкін.

Шағын несие алуда сақ болыңыз: Қазақстанда «жалақыға дейін» деп берілетін несие мөлшерлемесі өсті, деп хабарлады Elorda.info.

1 қазанда микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлемені тәулігіне 0,35-тен 0,4 пайызға дейін арттыру туралы түзетулер күшіне енді.

2023 жылы қазан айынан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шағын несие нарығына қатысты қаулысы күшіне енді. Осы құжатқа сәйкес, шағын несиелер бойынша сыйақыны есептеу ережелері қайта қаралды. Қарыз алу қымбатқа түседі .

Еске сала кетейік, микрокредит термині келесі шарттарды қамтитын несиелерге қатысты: сома – 2023 жылы 50 АЕК немесе 172 500 теңгеге дейін; мерзімі – 45 күннен аспайды. Демек, бұл - әдетте «жалақыға дейінгі ақша» деп аталатын қысқа мерзімді шағын несие. Бұған дейін микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мұндай ұсыныстар үшін сыйақы мөлшерлемесін келісімшарт мерзімін ұлғайту арқылы күніне 0,35 пайыз деп бекітетін. Дегенмен жаңа ережеге сәйкес, бұл мән тәулігіне 0,4 пайызға дейін артады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated