Шағын футбол: Қазақстан әлем чемпионатының жартылай финалында

Әуесқойлар арасында шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Қазақстан намысын Қарағандының «Биосфера» командасы қорғап жатыр. Ширек финалда Павел Таку шәкірттері Чехиямен кездесті.

Ойынның 6-минутында команда капитаны Александр Кислицын есеп ашса, одан кейін чехиялықтар қатарынан үш гол соғып кетті. Екінші кезеңнің соңына таман қазақстандықтар қатарынан Бактияр Жушнов (40-минут) және Асланбек Аршкенов (41-минут) мергендік танытып, таразы басы теңесті. Ойынның негізгі кезеңі мен овертайм 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ал пенальти тебуде қазақстандықтар (3:2) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated