ШҚО-дағы Риддер қаласының бұрынғы әкімінің ұсталғаны рас па

2024 жылы 12 шілдеде әлеуметтік желіде Риддер қаласының экс-әкімі Дәулет Батырбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Кешке қарай ШҚО әкімдігі БАҚ-тарға аталған сыбысқа қатысты ресми ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Aqnews.kz.

"БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарымен азамат Батырбаевтың ұсталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарамыз. Бұл азамат үш ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д. Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер болып табылмайды".ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандайда бір қылмыстық істер тіркелмегені де нақтыланады.

Даулет Батырбаевтың қала әкімінің қызметінен өз еркімен кеткені туралы 2024 жылдың 29 сәуірінде белгілі болды. 2024 жылы 27 маусымда бұл жауапты лауазымға Думан Рахметқалиев тағайындалды.

Айта кетсек, 2024 жылдың мамыр айында Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы жұмыс орнында төбелескен. 12 шілдеде сотта олардың дауына нүкте қойылды, - деп жазды Zakon.kz.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated