Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 0,3 пайызға қымбаттаған.
Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмен. Ал ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы секілді тоғыз түрлі өнім 2,8 пайызға дейін арзандаған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ өңірлердегі тұрақтандыру қорлары туралы сөз етілді. Ондағы өнімге қарғын судан ешқандай зиян келмеген. Қазір қорларда 76 мың тонна көкөніс сақтаулы. Бұл бағаны бақылауда ұстауға көмектеседі.